12.03.2007, 17:32 3189

ҚР СІМ ресми сапармен Ресейге барады

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР СІМ Марат Тәжин ресми сапармен Ресейге барады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сапар 19-20-наурызға межеленген. "Сапар аясында келіссөздер жүргізіліп, олардың барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзара тиімділігін одан әрі арттыру, ТМД кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ықпалдастықты дамыту жайы мен халықаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыға салынады",- деді І.Омаров.

Екі елдің сыртқы саясатты жауаптанатын мекемелері арасындағы 2007-жылға арналған ынтымақтастық шараларының жоспарына қол қойылады деп күтілуде.

"Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі екі жақты ынтымақтастықтың ең тиімді әрі табысты моделі екенін атап өту қажет",- деді баспасөз хатшысы.

"Қазақстан мен Ресей арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми және басқа да барлық салалардағы етене жақын ынтымақтастықтың ауқымды құқықтық базасы қалыптасқан. Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың барлық салаларын қамтыған өзара серіктестік принциптері бекем орныққан деп айтуға болады",- деді ол.

"Өзара саяси сенімділік дәрежесі мен кең ауқымды ынтымақтастықтардың деңгейі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық одақтастықтың мызғымас беріктігін паш етеді",- деді М.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны