29.07.2008, 15:43 3151

ҚР Сыртқы істер министрлігі үкіметке "Еуропаға апарар жол" бағдарламасының жобасын таныстырды

ҚР Сыртқы істер министрлігі үкіметке "Еуропаға апарар жол" бағдарламасының жобасын таныстырды

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Сыртқы істер министрлігі үкіметке "Еуропаға апарар жол" бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл құжат Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықан арнаған жолдауында жария етілген тапсырмаға сәйкес дайындалды, деді мекеменің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев.

Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан Еуропаның жетекші елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп, Еуропа елдерімен арадағы тауар айналымын жыл сайын ұлғайтып отыруға жағдайлар жасалып, Еуропалық Одақ елдерінің талаптарына сай келетін техникалық регламенттер мен үйлесімді стандарттар қабылданады, деді Р.Жошыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны