21.04.2010, 16:36 3211

Құрманбек Бакиев өзінің отставкасын мойындамайды

Құрманбек Бакиев өзінің отставкасын мойындамайды

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Құрманбек Бакиев өзінің Қырғызстан президенті қызметінен отставкасын мойындамайды. Бұл туралы ол бүгін Минскіде журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Менің халқым аса ауыр сәттерді бастан кешіруде. Білермендікпен билікті басып алған топ білгенін істеп жатыр. Бейбіт адамдарды өлтіріп, үйлерді қиратуда. Ел ондаған жылдарға кері шегінді. Қырғызстан президенті ретінде, Конституцияның кепілі ретінде мен бұл зілзала үшін жауапкершіліктен жалтармаймын және бәрі үшін заң алдында жауап беруге дайынмын", - деп мәлімдеді ол.

Бірақ бұл, деді Қ.Бакиев, оның "қырғыз халқын бандиттердің талауына береді дегенді білдірмейді".

"Мен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына тағы бір рет көңіл айтамын", - деді Қ. Бакиев.

Сонымен қатар ол халықаралық қоғамдастықты Қырғызстандағы төңкерісті қолдамауға шақырды. Ол сонымен қатар елдегі жағдайға тәуелсіз халықаралық тексеру жүргізуді және тәртіпсіздіктердің шығуына кінәлілерді жазалауға шақырды.

Еске сала кетейік, өткен дүйсенбіде Қ. Бакиев отбасымен бірге Минскіге келді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны