14.08.2012, 09:45 2702

Күзде Өзбекстан президенті Қазақстанға іссапармен келеді деп жоспарлануда

Ташкент қаласында қазақстандық СІМ өкілдерінің қатысуымен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың Астанаға сапарының дайындық барысы талқыланады.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Күзде Өзбекстан президенті Қазақстанға іссапармен келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ташкент қаласында қазақстандық СІМ өкілдерінің қатысуымен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың Астанаға сапарының дайындық барысы талқыланады.

Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров хабарлады.

"Ағымдағы жылдың 13-14 тамыз күндері Ташкентте қазақстандық-өзбекстандық саяси кеңестер өтеді. Келіссөздерде қазақстандық делегацияға ҚР Сыртқы істер вице-министрі Амангелді Жұмабаев, ал өзбек делегациясына - оның әріптесі Комил Рашидов басшылық етеді. Отырыс барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерін, соның ішінде Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың ағымдағы жылдың күзінде Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды және мәдениет саласындағы өзара іс-қимылды дамыту болашағын талқылайды", - деді І.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны