03.10.2008, 16:01 2799

Латвия президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үш жұлдыз орденін табыс етті

Латвия президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үш жұлдыз орденін табыс етті

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Латвия президенті Валдис Затлерс бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Латвияның жоғары мемлекеттік наградасы - Үш жұлдыз орденін табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Н. Назарбаев бұл орденді Қазақстан мен Латвия арасындағы шынайы достық пен қарым-қатынасты жан-жақты нығайту ниетінің белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

Өз кезегінде Қазақстан президенті Латвия мемлекет басшысына бірінші дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны