03.07.2006, 17:37 2871

Малайзияның іскерлік және ресми өкілдері елімізге келмекші

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 4-10-шілдеде Малайзияның іскерлік және ресми өкілдері елімізге келмекші. Өкілдерді осы елдің федералдық аумақтар министрі Зульхасан Рафик мырза басқарып келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевытың айтуынша, “сапар барысында Қазақстан мен Малайзия жағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана мен Путраджая қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы идеясын талқылауды жоспарлап отыр”.

Сонымен бірге малайзиялық өкілдер Астана күнін тойлауға байланысты салтанатты шараларға қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны