29.06.2010, 15:42 3294

MAN бұрынғы атқарушы директоры пәре бергені үшін сотталды

MAN бұрынғы атқарушы директоры пәре бергені үшін сотталды

Алматы. 29-маусым. Kazakhstan Today Дүйсенбі күні MAN бұрынғы атқарушы директоры Хайнц Юрген Маус шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылып, 100 мың еуро (123 860 $) көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Wall Street Journal сілтеме жасай отырып.

Маус мырза Мюнхен мемлекеттік сотында өткен сот талқылауы барысында 2004 жылы Қазақстаннан турбина тасымалына тапсырыс алу үшін 9 млн еуро көлемінде пара бергендігін мойындады. "Сол кездері ол өзінің компаниясының мүддесі үшін осындай әрекетке бардым деп ойлағам, бірақ "дұрыс ойламағандығымды енді түсіндім", деді ол.

Хайнц Юрген судьяға, қазақстандық серіктестіктің басшылығы келісім жасау үшін "нарыққа шығу ақысын" төлек керектігін "ашық" айтқандығын, және де одан әрі бастапқы талап етілген соманы 12 млн еуроға дейін түсіру үшін келіссөздер болғандығын хабарлады.

Сот төрағасы Иоахим Эккерт (Joachim Eckert), айыпталушы "өз кінәсін ашық мойындағандығын" айтып өтті. Ол, Маус мырза кінәні басқаға аудармағандығын және де осы келісімнен өз басы ешқандай пайда көрмегендігін айта келе, оның бәрібір қылмыс жасағандығын тілге тиек етті.

Судья Эккерт прокуратура және қорғаушы органдарының өкілдерімен кеңесе келе, Маус мырзаның өз кінәсін мойындауы "жазасын жеңілдететіндігін" мәлім еткен болатын.

Х. Ю. Маус 66 жасында 2007 жылы қызметінен кеткен. Оның компаниясы Маус мырзаның қазіргі уақытта компанияда қызмет атқармайтындығын айтып, оған тағылған айыпқа қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі MAN басшылығы Қазақстанда пара берді деген деректі тексерумен айналысуды көздеуде. Бұл туралы 24-маусым күні журналистерге берген сұхбатында мекеме төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім еткен болатын.

"Егер мұндай ақпарат тараса, біз оны тексеретін боламыз. Мен қазір ештеңе айта алмаймын, біз мұны тексереміз",- деді Қ. Қожамжаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны