13.04.2009, 18:38 2908

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері бас прокурорларының жетінші мәжілісі болып өтті

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері бас прокурорларының жетінші мәжілісі болып өтті

Астана. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеу қаласында бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері бас прокурорларының жетінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліске Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қытай бас прокурорларының делегациялары қатысты.

Қазақстан Бас прокуратурасының делегациясын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәми басқарды.

Мәжіліс аясында аймақтағы қылмысқа қарсы бірлескен күрес туралы мәселелердің кең ауқымы талқыланды. Атап айтқанда экономика саласындағы қылмысқа қарсы бірлескен күрес жүргізуге, діни экстремистік ұйымдар қызметінің жолын кесуге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына және адам саудасына қарсы әрекетке байланысты мәселелер талқыланды.

Қазақстанның Бас прокуроры соңғы екі мәселеге қатысты жасаған баяндамасында ШЫҰ аймағында құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың тиімділігіне бірлесе күш біріктіру арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ.Мәмидің Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайкамен екіжақты кездесуі болып, онда тараптар әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы экономика саласында азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету және құқық бұзушыларға қарсы әрекет ету мақсатында екі мемлекеттің құқық қорғау органдардың өзара іс қимыл мәселелерін талқылады. Ал Ресей Федерациясы прокуратурасы жаныдағы Тергеу комитетінің Төрағасы А.Бастрыкинмен кездесу барысында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмекті барынша тиімді де жедел көрсету туралы келісімге қол жеткізілсе, Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиевпен кездесуде қылмысқа қарсы бірлескен күрес жүргізуді одан әрі нығайту мен күшейту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бас прокуроры Қытай Халық Республикасының Жоғары Халық прокуратурасының Бас прокуроры Цао Цзаньминмен кездесті. Бұл кездесудің барысында қылмыспен күрестегі қазақ-қытай ынтымақтастығы мәселелері, сол сияқты жазасын одан әрі өтеу үшін бас еркінен айрылған адамдарды қайтарып беру туралы Қазақстан мен Қытай арасында келісім жасау қажеттілігі жөніндегі мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны