26.06.2006, 16:42 3021

Маусымның аяғында Минск қаласында ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің әділет министрлері кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. 30-маусымда Минск қаласында ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, “отырыс барысында “ЕурАзЭҚ аясында қылмыстық жазаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы” және “ЕурАзЭҚ аясындағы сот-сараптама саласындағы ынтымақтастық туралы” келісімдерге қол қойылады”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны