06.09.2006, 17:29 2946

Мәжіліс спикері сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанда басқару нысанын ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Илиевтің Қазақстанда басқару нысанын конституциялық монархияға ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Өз басым бұл пікірмен қосылмаймын",- деді О.Мұхамеджанов бүгін журналистер сауалына жауап беру барысында.

Бірақ мәжіліс төрағасы елімізде кез-келген мәселе бойынша әркім өз пікірін ашық білдіре алатынын атап өтті. "Қазақстан- демократиялық мемлекет, елімізде сөз бостандығы үстемдік құрады, әркімнің өз пікірі болуға тиіс",- деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, "Караван" апталығында жарияланған мақаласында

Р.Илиев : "нағыз демократиялық институттары толық жұмыс істейтін, конституциялық монархия түріндегі саяси құрылым моделі қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жауап бере алатын, ең сенімді құрылым секілді сезіледі",- деп атап көрсеткен болатын. Бұл орайда Р.Илиев мемлекеттік жүйені түбегейлі өзгертіп жіберуге шақырмайтынын жеткізеді. "Жүйе жұмыс істеп тұр, проблемалары болса да, өз міндетін атқаруда. Дегенмен, мен лениндік немесе басқа республика түріндегіден өзге бізге мейлінше лайық келетін модель дүние жүзінде бар-жоқтығын зерттеп көруді ұсынамын",- дейді Р.Илиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны