08.05.2008, 19:08 2751

Мемлекеттік дума Владимир Путинді РФ премьер-министрі қызметіне бекітті

Мемлекеттік дума Владимир Путинді РФ премьер-министрі қызметіне бекітті

Алматы. 8 мамыр "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік дума Владимир Путинді РФ премьер-министрі қызметіне бекітті, деп хабарлайды агенттік Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Оның кандидатурасын қолдап 392 депутат дауыс берсе, қарсы болғандар - 56 адам болды, ешкім қалыс қалған жоқ. Ал бекіту үшін 226 дауыс қажет болатын. Мемлекеттік дума ашық дауыс берді", -делінген хабарламада.

"Парламенттің РФ үкімет басшысының кандидатурасын қолдап дауыс беру бойынша бұл рекордтық нәтиже", -деді парламенттің төменгі палатасының спикері Борис Грызлов.

Путин 2000 жылы президент болып сайланғанға дейін 1999 жылы да үкімет басшысы болған.

Кеше, сәрсенбіде Дмитрий Медведевті ұлықтау рәсімі өтті, ол 2008 жылдың 2 наурызындағы сайлауда жеңіске жеткен, сөйтіп В.Путиннің сегіз жылдық президенттік өкілеттілігі автоматты түрде аяқталды.

Қызметке кірісе сала Д. Медведев парламенттің төменгі палатасына үкімет басшысының лауазымына В. Путиннің кандидатурасын енгізді. Конституцияға сәйкес Виктор Зубковтың үкіметі автоматты түрде өз өкілеттілігін аяқтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны