15.01.2008, 15:07 1923

Мемлекеттік хатшы Түркіменстанның Қазақстандағы елшісін дипломатиялық миссиясы аяқталуға байланысты қабылдады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Түркіменстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұхаммед Абалаковты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттіәң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Түркіменстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұхаммед Абалаковты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттіәң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы дипломатиялық корпустың өкілі болған М.Абалаковқа екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі көп жылдарғы жемісті еңбегі үшін алғыс айтты және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын табыс етті.

"Сіз әрдайым Қазақстанның шынайы досы болып қала беретініңізге және алдағы уақытта біздің бауырлас халықтарымызды жақындастыру жөніндегі қызметіңізді жалғастыра беретініңізге үміттенеміз", - деп атап көрсетті Қ.Саудабаев.

Кездесу барысында мемлекеттік хатшы Қазақстан-Түркіменстан ынтымақтастығының жоғары даму қарқынын атап өтті және оның болашақта да тиімді нығая және кеңейе түсетініне сенім білдірді.

"Мен өзімнің Қазақстандағы жұмысымның нәтижелеріне қанағаттанамын. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Былтырғы жылы біздің елдеріміз үшін аса маңызды жоба жүзеге асырыла бастады. Мен Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастар одан әрі де соңғы кездердегідей серпінді дами беретініне үміт артамын", - деді М.Абалаков журналистерге арналған брифингте.

Астана мен Ашхабад үшін сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде отын-энергетика кешені, көлік және байланыс, ауыл және балық шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық маңызды басымдық болып табылады.

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың 11 айында 164 млн. долларды құрады, бұл көрсеткіш 2006 жылдың осыған сәйкес кезеңіне қарағанда 20 пайызға жоғары болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны