17.06.2006, 17:50 2745

Минск қаласында маусымның аяғында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтеді

МИНСК. 17-маусым. Kazakhstan Today. 23-маусымда Минск қаласында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер президенттерінің Мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Беларусь СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

СІМ ақпаратына сәйкес, отырыстың күн тәртібіне 18 мәселе енгізілген. Атап айтсақ, отырыс барысында ЕурАзЭҚ-ты дамыту стратегиясы мен тактикасын жетілдіруге қатысты ұсыныстарды, ЕурАзЭҚ-ты дамыту жөніндегі 2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған басым бағыттарды жүзеге асыру шараларының атқарылу барысы туралы талқылау межеленген.

Сонымен бірге Беларусь президенті 2006-жылдың 25-қаңтарында өткен Мемлекетаралық кеңестің отырысында жария еткен ұсыныстарға сәйкес Беларусь жағы әзірлеген ЕурАзЭҚ-тың халықаралық іс-қызметінің тұжырымдамасының жобасы қаралады.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы Беларусь Республикасының төрағалық етуімен өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны