17.02.2011, 13:22 4715

Мысырдағы төңкеріс құрбандарының саны белгілі болды

Мысырда 18 күнге созылған жаппай үкіметке қарсы көтерілісте орын алған қақтығыстарда кем дегенде 365 адам құрбан болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 17 - ақпан. Kazakhstan Today - Мысырда 18 күнге созылған жаппай үкіметке қарсы көтерілісте орын алған қақтығыстарда кем дегенде 365 адам құрбан болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл сан Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің баяндамасында келтірілген және алдағы уақытта құрбан болғандардың саны бұдан да артуы мүмкін делінген.

Тәртіпсіздіктер барысында түрлі әлеуметтік және әртүрлі жастағы топтарға жататын шерушілер 1981 жылдан бері ел президенті лауазымында отырған Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап етті.

Олардың талаптары қанағаттандырылып, билік әскери кеңеске өтті. Алайда, Мысыр астанасы Каирде болған наразылық шеруінің соңғы күндері оппозициялық шерушілер мен билік жақтаушылары арасындағы қанды қақтығысқа ұласқан болатын.

Осы қақтығыстар салдарынан кем дегенде 10 адам құрбан болып, жүздеген жараланды.

Жаңа билік елдегі жағдайды қалыпқа келтіріп, Мысырға туристерге есік ашуға тырысуда. Туризмге қолайлы елдің беделін қалпына келтіру үшін ресми Каир туристік компанияларға чартерлік рейс ұйымдастыруға өтемақы төлеуге, ал туристерге қонақ үйлерде төмен баға және сапалы қызмет көрсетуге уәде беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны