11.02.2011, 16:04 4551

Назарбаев кезектен тыс өтетін Президенттік сайлауға Нұр Отан партиясының атынан өз кандидатурасын ұсынуға келісімін берді

ҚР қазіргі президенті Н. Назарбаев кезектен тыс өтетін Президенттік сайлауға Нұр Отан партиясының атынан өз кандидатурасын ұсынуға келісімін берді. Бұл туралы Елбасы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР қазіргі президенті Н. Назарбаев кезектен тыс өтетін Президенттік сайлауға Нұр Отан партиясының атынан өз кандидатурасын ұсынуға келісімін берді. Бұл туралы Елбасы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "бүгін осы съезде Президенттікке кандидатурамды ұсынуға келісімімді беремін",- деген Н. Назарбаев.

"Қазақстан халқы жүргізіліп жатқан қазіргі бағытты қолдайтындығына сенімдімін. Бұл еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге, басталған жұмыстарды жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Мені Президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді мен жүргізіп отырған бағыт-бағдарлды қолдау деп қарастырамын. Біздер бірге жеңіске жететіндігімізге сенімдімін", - деді Елбасы.

Н. Назарбаев Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізуге қатысты бастаманың аясында орын алған мәселелерге де тоқталып өтті. "Аталмыш идеяның аясында демократиялық күштердің "Қазақстан-2020" қоғамдық коалициясы шоғырланды. Аталмыш коалиция 5 миллионнан астам қазақстандықтың басын біріктірді. Мен бұл бастаманы қолдаған және соған ұйытқы болған барлық қазақстандықтарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Кез келген саясаткер үшін және мемлекетіміздің Президенті ретінде мен үшін де халықтың сенімінен артық, содан жоғары марапат жоқ. Мен еліміздің жоғары мүддесімен келісе отырып, Президенттік мерзімнің 2 жылға қысқаруына қарамастан референдум орнына кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде шешім қабылдадым",-деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қоғамның бұл шешімді оңды қабылдағандығын атап көрсетті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының XIII съезінде Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты партияның атынан 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсыну жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл ұсынысты Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Президентінің өкілеттігін референдум арқылы ұзарту жөніндегі референдум өткізу туралы бастамашы топтың жетекшісі болған Ерлан Сыдықов айтты.

"Осылайша мен партияның бүкіл мүшесінің көңілін білдіріп отырғаныма сенімдімін. 5 миллионнан астам қолдың жиналғандығы қазақстандықтардың Елбасы келешекте де мемлекетті өзі басқара беруін қалайтынын көрсетті", - деді Е. Сыдықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны