09.12.2008, 19:14 2888

Нью-Йоркте 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған мәжілісі өтеді

Нью-Йоркте 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған мәжілісі өтеді

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Нью-Йоркте 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған мәжілісі өтеді. Бұл шараға Қазақстан Республикасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Жұмыс барысында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциямен факультативті хаттамаға қол қойылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны