04.07.2007, 12:45 3011

"Нұр Отан" партиясынан мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің тізімі бекітілді

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен "Нұр Отан"Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 11-ші сьезінде партиядан мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Барлық 127 үміткер партиялық тізімге енді, тізім Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады", - деді сьезде партия төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмагұлов.

Тізімге енгендердің арасында әділет министрі Зағипа Балиева, мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова, экономика министрі - вице-премьер Аслан Мусин, ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның жетекшісі Айткүл Самақова, үшінші шақырылған мәжіліс депутаты Орал Мұхамеджанов, ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжанов, Республикалық ғарыш агенттігінің жетекшісі Талғат Мұсабаев тағы басқалары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны