15.05.2012, 16:20 5534

Обама Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитіне қатысудан бас тартты

АҚШ Президентінің баспасөз хатшысы Джей Карнидің сөзіне қарағанда, Обаманың Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысудан бас тарту шешімі 2012 жылдың қыркүйегінде өзі төраға болып табылатын Демократиялық партияның ұлттық съезін өткізумен байланысты түсіндіріледі.

Мәскеу. 15-мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ Президенті Барак Обама 2012 жылдың 1-8 қыркүйегінде Владивостокта өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитіне (АТЭЫ) қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президентінің баспасөз хатшысы Джей Карнидің сөзіне қарағанда, Обаманың Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысудан бас тарту шешімі 2012 жылдың қыркүйегінде өзі төраға болып табылатын Демократиялық партияның ұлттық съезін өткізумен байланысты түсіндіріледі.

Агенттікте атап өтілгендей, АҚШ пен Ресей өкілдері Барак Обаманың АТЭЫ саммитіне келуден бас тартуы РФ Президенті Владимир Путиннің 2012 жылдың 18-19 мамырында американың Кэмп-Дэвид қаласында өтетін "Үлкен сегіздік" (G8) кездесуіне қатысудан бас тартуына байланысты дегенді жоққа шығаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны