17.06.2006, 15:03 40911

Оңтүстік Корея ядролық проблемалар бойынша Солтүстік Кореямен келіссөздерде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының қолдауынан үміттенеді

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Корея ядролық проблемалар бойынша Солтүстік Кореямен келіссөздерде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының қолдауынан үміттенеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның сыртқы істер және сауда министрі Бан Ки Мун Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бан Ки мун өз сөзінде былай деді: “Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бүгінде Корея түбегіндегі қауіпсіздікке төніп отырған ең үлкен қауіптің бірі. Мәселені бейбіт жолмен шешуге бағытталған алты жақты келіссөздер былтырғы жылдың қыркүйек айында бірлескен мәлімдеме қабылдау арқылы біршама ілгерілеушілікке жеткен болатын”. Алайда, министрдің айтуынша, келіссөздер “өткен жылдың қараша айынан бастап тығырыққа тірелді”.

“Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына келсек, біз тараптардың ешқайсысы да бұдан уақыт ұта алмайды, келіссөздерді жалғастыруды кешеуілдете беруден ешкім де ұтысқа жетпейді дегенге кәміл сенеміз”,- деді Бан Ки Мун.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны