30.07.2007, 18:07 2898

Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының Қазақстандағы сайлау науқаны барысы туралы аралық есебі объективті және біржақты емес болады деген үмітте

АСТАНА. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының Қазақстандағы сайлау науқаны барысы туралы аралық есебі объективті және бір жақты емес болады деген үмітте. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында мекеме төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгін Қазақстан Республикасындағы парламент сайлауы жөніндегі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының басшысы - елші Любомир Копаймен кездесу өтті",- деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол, кездесу барысында сайлау науқанының барысы талқыланғандығын, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының миссиясымен өзара ықпалдастық мәселелері жөніндегі пікірлерін алмасқандығын атап өтті.

"ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының қазіргі уақытта әзірле жатқан алдын ала есеп беруі объективті және бір жақты емес болады деген үміттеміз",- деп қорытындылады Қуандық Тұрғанқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны