17.01.2007, 14:35 2911

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып Қуандық Тұрғанқұлов сайланды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында Қуандық Тұрғанқұлов Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таныстыруы бойынша Оңалсын Жұмабеков Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып Қуандық Тұрғанқұлов сайланды.

Сонымен бірге отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып бұған дейін комиссиның хатшысы қызметін атқарған Владимир Фоос сайланды. Ал Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып Бақыт Мелдешев сайланды.

Мәжіліс депутаттары ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны