18.07.2007, 16:57 2832

ОСК Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 4446 кандидатты тіркеді

АСТАНА. 18-шілде. Kazakhstan Today. ОСК Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 4446 кандидатты тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін өткен брифингте комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясына түсіп отырған деректерге сәйкес 2007 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 8972 кандидат ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 1654 кандидат ұсынылды, оның ішінде: Астана қаласының мәслихатына 126 кандидат, Алматы қаласының мәслихатына 165 кандидат, аудандық мәслихаттарға 5451 кандидат, қалалық мәслихаттарға 1867 кандидат ұсынылды.

Мәслихаттар депутаттығына ұсынылған барлық кандидаттан 4446 тіркелді.

Олардан облыстық, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының депутаттығына 662 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 2992 кандидат; қалалық мәслихатар депутаттығына 792 кандидат тіркелген.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 23 шілдеге дейін жалғасады, ал сайлау алдындағы үгітке кандидаттар 24 шілдеде кіріседі. Мәслихат депутаттары 18-тамызда сайланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны