09.06.2008, 09:56 1189

Өзбекстан президенті ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ ұйымдарын біріктіруді ұсынады

Өзбекстан президенті ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ ұйымдарын біріктіруді ұсынады

Мәскеу. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ ұйымдарын біріктіруді ұсынады. Бұл туралы ол РФ президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ ұйымдарының күн тәртіптері ұқсас, бірін бірі қайталайды. Кейде ЕурАзЭҚ күн тәртібін жасай алмай қалады", - деп есептейді ол. Өзбекстан президенті бұл мәселені талқылауды ұсынды. Оның пайымдауынша, екі құрылымның ресурстары мен мүмкіншіліктерін біріктіру оң нәтиже береді.

Д. Медведев Кәрімовтың ұсынысын ТМД елдерінің әріптестерімен өтетін екіжақты кездесулерде талқылау керектігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны