21.12.2007, 18:22 2943

Өзбекстан президентінің сайлауына 300 жуық байқаушы қатысады деп күтілуде

Өзбекстан президентінің сайлауына 300 жуық байқаушы қатысады деп күтілуде

Ташкент. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 23 желтоқсанда өтеді деп межеленген Өзбекстан президентінің сайлауына халықаралық ұйымдар мен шетелдерден 300 жуық байқаушы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік Өзбекстанның УзА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбек БАҚ-тарының хабарлауынша, Өзбек мемлекет басшысының лауазымына төрт үміткер бақ сынамақшы. Қазіргі президент Ислам Кәрімовтың атын президенттіктен үміткер ретінде Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың қозғалысы - Өзбекстанның Либералдық -демократиялық партиясы ұсынды.

Өзбекстанның Социал-демократиялық партиясы өз кандидаты ретінде парламенттің төменгі палатасын - олий мажлистің вице-спикері Дилорам Ташмухамедованы ұсынды. Аслиддин Рустамов елдегі ең көне партия Халықтық -демократиялық партияның үміткері атанды. Заң ғылымдарының докторы, 49 жастағы Акмаль Саидов азаматтардың бастамашы тобының атынан үміткерлікке ұсынылды.

И. Кәрімов республиканы 1989 жылдан бері басқарады. Сол кезде ол ӨзбекКСР Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып бекітілді. 1990 жылдың наурыз айында Өзбек КСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында ел президенті болып сайланды. Бұдан кейін ол 1991 жылғы желтоқсанда және 2000 жылдың қаңтар айында екі мәрте президент болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны