24.05.2007, 18:40 2810

Парламент Конституцияның өзгеруіне байланысты заңдарға енгізілетін толықтыруларды сессия аяқталғанға дейін қабылдауға тиіс - сенат спикері

АСТАНА. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. Парламент Конституцияның өзгеруіне байланысты заңдарға енгізілетін толықтыруларды сессия аяқталғанға дейін қабылдауға тиіс. Бұл туралы бүгін сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Парламент жақын күндері "Сайлау туралы", "Президент туралы", "Парламент туралы" және "Үкімет туралы" конституциялық заңдардың топтамаларын қарайды. Сенат аталмыш заң жобаларын осы сессияның аяғына дейін белгіленген тәртіпте бекітуге тиіс",- деп мәлімдеді Қ. Тоқаев.

"Алда мемлекет басшысының идеясын заңды деңгейінде қамтамасыз етуге қатысты қызу жұмыс күтіп тұр",- деп атап көрсетті ол.

Конституцияға енгізілген өзгертулер "біздің елімізде сапалы жаңа саяси жүйенің туғандығы туралы айтуға мүмкіндік береді", деп атап өтті сенат спикері.

"Басқарудың президенттік формасын алмастыруға президенттік-парламенттік деп ешқандай күмәнсіз айтуға болатын басқа жүйе келді... Бұл біздің еліміздің жоспарлы, эволюциялық дамуының заңды нәтижесі",- деді ол.

Қ. Тоқаевтың пайымдауынша, "конституциялық реформа Қазақстанның демократияға қарай одан әрі дамуына ғана емес, сондай-ақ Еуразиялық құрылқтың айтарлықтай бөлігіндегі ахуалға да оңтайлы әсер етеді".

Палата төрағасы сондай-ақ, депутаттар тобының бастамасымен, еліміздің парламенті бірінші президентке мемлекеттің негізін қалаушы және жалпыға танылған ұлт көшбасшысы ретінде президенттікке екіден артық дауысқа түсу жөніндегі ерекше құқық бергендігін хабарлады. "Бұл осындай ерекше құзіреті бар парламенттің бастамасы болғандығын атап көрсеткім келеді. Бұл бастаманы Елбасы көтерген жоқ. Парламент депутаттарының Конституцияның аталмыш бабы бойынша қабылдаған шешімі көптеген сайлаушылардың басым пікірінен толық көрініс табады дегенге сенімдімін. Бұны ұлт көшбасшысының мемлекет игілігі үшін атқарған жемісті еңбегіне баға берген парламенттің дұрыс әрі әділ шешімі деуге де болады",- деп атап көрсетті Қ. Тоқаев.

Ол, Конституцияға енгізілген түзетулер "дұрыс демократияның қағидаларын" бекітетіндігін атап өтті. Бірінші кезекте, себебі, "жергілікті өзін-өзі басқару айтарлықтай нығаяды, біздің тарихымызда бірінші рет облыс әкімдерін тек мәслихаттың келісімімен президент тағайындайды", деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, "елімізде өлім жазасы жойылады". Қ. Тоқаевтың пауымдауынша, "мәжілісті сайлаудың жаңа қағидалары" Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды алға басушылық болып табылады. "Сөз шынайы парламентаризмді бекіту туралы болып отыр, себебі сайлауда жеңіске жеткен партиялар еліміздің заң шығару органдарында тұрғындардың басым бөлігінің мүдделерін тиімді қорғау және өкілеттілік жасау құқығына ие болады. Үкімет іс жүзінде депутаттар алдында сайлауда жеңіске жеткен партиялардың бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты болады",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, спикер Конституцияның сенаттың рөлі мен мәртебесін айтарлықтай күшейтуді қарастырады, себебі "жоғарғы палата мәжіліс болмаған кезде парламенттің өкілеттілігіне толық ие болады" атап өтті. "Сенатқа заң шығарудың тиімді процессі мен елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше жауапкершілік жүктеледі",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны