22.12.2008, 17:27 2869

Пекинде 23-26 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтеді

Пекинде 23-26 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтеді

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде 23-26 желтоқсанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Кеңес барысында 28 тамызда Душанбеде өткен саммитте қол жеткен келісімдерді жүзеге асыру, саммитте ұсынған бастама мен ұсыныстар бойынша пікір алмасу, сонымен қатар, ұйымның 2009 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған негізгі шаралар жоспары мен халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас болашағын қарастыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны