26.10.2009, 13:51 2484

Пекинде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің арнайы жұмыс тобы мен аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтеді

Пекинде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің арнайы жұмыс тобы мен аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтеді

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Пекин қаласында 27-29 қазанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің арнайы жұмыс тобы (АЖТ) және аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталған отырыстарға ұйымға 20 мүше-мемлекеттер өкілдері қатысады деп күтілуде.

Отырыс барысында АӨСШК Конвенциясының артықшылықтар мен иммунитеттер жөніндегі жобасын одан әрі әзірлеу жоспарлануда, АӨСШК-ға мүше-мемлекеттердің энергетика және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастығы жөніндегі тұжырымдамалары мен жоспарлары қарастырылады, АӨСШК елдерінің мемлекеттері басшылары мен үкімет басшыларының үшінші саммитін өткізу мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, Азия құрлығында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған әскери-саяси, экономика және экология салаларындағы шаралар жиынтығын талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны