14.10.2009, 17:22 3175

Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысының соңында қорытынды құжаттарға қол қойылды

Пекинде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысының соңында қорытынды құжаттарға қол қойылды

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - Пекинде бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Атап айтсақ, бүгін ғаламдық қаржылық-экономикалық дағдарысының зардаптарын еңсеру үшін көпжақты экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыру және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің бұдан былайғы экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен бастама қабылданды.

Сондай-ақ, үкімет басшылары ұйым кеңістігінде жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі бірлескен мәлімдеме мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы үкімет басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қабылдады.

Бұған қоса үкімет басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшылығының Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есебі туралы шешімді, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2008 жылғы бюджетінің орындалуы мен 2010 жылғы бюджеті туралы қаржылық есебі туралы шешімді бекітті. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Өңірлік антитеррорлық құрылымының Атқару комитетінің шығындарының сметасын бөлу туралы шешімдер бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшыларының қатысуымен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің кеден қызметтері арасындағы кеден қызметтерінің лауазымды тұлғаларының біліктілігін көтеру және оларды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны