17.09.2012, 18:44 3072

Польша Қазақстан нарығын болашағынан зор үміт күттіретін бес елдің бірі деп таныйды - баспасөз баяны

Іс-шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрілігі, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ Польшаның экономика министрлігі мен Польшаның Ақпарат және шетелдік инвестиция агенттігімен бірлесе отырып ұйымдастырған.

Бүгін Астанада Польшаның премьер-министрінің орынбасары - экономика министрі Вальдемар Павляк пен ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаевтің қатысуымен қазақстан-польша экономикалық форумы өтті.

Іс-шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрілігі, "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ Польшаның экономика министрлігі мен Польшаның Ақпарат және шетелдік инвестиция агенттігімен бірлесе отырып ұйымдастырған.

"Польша еуропа елдері арасындағы Қазақстанның негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Инвестиция ағыны тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда сауда көлемі 10 есе артты, өткен жылдың қорытындысы бойынша ол 1 млрд 700 млн АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция 110 млн АҚШ долларынан асты", - деп хабарлады Жошыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Польшаның экономикалық саясаты экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік кәсіпорындарды одан әрі жекешелендіруге, банк секторын құрылымдық қайта құруға бағытталған.

"Олардың тәжірибесі біз үшін пайдалы, сондықтан біз озық тәжірибені үйренетін боламыз. Польшалық әріптестерім үшін Қазақстанды тани түсу қызықты болмақ", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны