13.04.2007, 18:36 3096

Ресей өзінің Қазақстанмен әріптестік қатынасын қадір тұтады және оны стратегиялық одақтасы деп санайды - Путин

МИСКЕУ. 13-сәуір. Kazakhstan Today. "Ресей өзінің Қазақстанмен арадағы тарих сынақтарынан сүрінбей өткен, шынайы әріптестік қатынасын қадір тұтады және оны стратегиялық сенімді одақтасы, тату көршісі ретінде құрмет тұтады",- деді бүгін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Нұртай Ибіқаевтың сенім грамотасын қабылдау рәсімінде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кейінгі жылдары біз өңірдегі интеграциялық процестердің алға жылжуы мен тұрақтылықты нығайтуда бірлесе отырып үлкен табыстарға жеттік",- деді В.Путин. "Біздің бүгінгі басты міндетіміз - екі жақты ынтымақтастықтың кейінгі жылдары қалыптасқан қарқынын сақтай отырып үдете түсу. Бұған жоспарланып отырған жоғары деңгейдегі байланыстар түрткі болады дегенге кәміл сенемін",- деді РФ президенті.

Сенім грамотасын табыс ету рәсімі Үлкен Кремль сарайының Александр залында өтті. Рәсімге РФ СІМ Сергей Лавров пен президенттің көмекшісі Сергей Приходько қатысты.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғаға орай "Метрополь" қонақ үйінде Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен қабылдау болады. Оған Мәскеуде аккредитацияланған шетелдік елшілер, танымал саяси және қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Ресейдің іскерлік өкілдері, танымал ғылым және мәдениет қайраткерлері, танымал ресейлік журналистер шақырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны