15.05.2009, 18:12 2553

Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Мәскеу. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Кремльде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Министрлер сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындылары және Екатеринбург қаласында 15-16- маусымда өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысына даярлық барысы туралы әңгімеледі. Биыл ұйымға Ресейдің төрағалық ету кезеңі аяқталады.

Кездесу барысында ШЫҰ аясында өзара іс-қимылды кеңейтудің жай-күйі және перспективасы туралы пікір алмасылады

Бүгін Мәскеуде ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің қатысуымен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны