04.07.2006, 13:14 3717

Саяси ұстанымы ортақ “Асар“ және “Отан” партияларының бірігуі қисынды, деп пайымдайды президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Саяси ұстанымы ортақ “Асар“ және “Отан” партияларының бірігуі әбден қисынды. Бұл туралы бүгін “Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Егер “Отан” мен “Асар“ партияларының ұстанымы ортақ болса, егер екі партия да президенттің бағыт-бағдарын қолдайтын болса, онда біз екеуінің қайсысына дауыс береміз деп менен көп адамдар сұрайтын. Бүгін осы сұрақ алынды деп ойлаймын”,- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі партияның жетекшілері мен мүшелері бүгін қабылдаған шешімнің “еліміз үшін маңызы зор”. “Қазақстан келешекте жасағалы отырған секірістің сапалы болуы үшін қоғамның бірігіп бекемдене түсуінің маңызы артты”,- деді Н.Назарбаев.

Президент “Асар” партиясының мүшелері мен партия төрайымы Дариға Назарбаеваға екі жыл бойы президентке көрсеткен қолдау-демеушілігі үшін ризашылық білдірді. “Дариға үшін бірігу туралы шешім оңайға соққан жоқ. Қоғам тарапынан бұл қадам қалай қабылданауы мүмкін екендігі туралы мәселені ол менімен ақылдасқандықтан, шешімнің қиын болғанын мен білемін”,- деді президент. “Менің пайымдауымша, асарлықтар “Отан” партиясын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге оның іс-қызметіне тың серпін мен жаңаша идеялар ала келмек”,- деді Н.Назарбаев. “Біріккен партия Халықтық коалицияның құрамындағы басқа партиялармен де бірігу мақсатындағы келіссөздерді жалғастыра беруге тиіс”,- деді президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны