13.01.2012, 09:44 8486

Сайлауға қатысатын партиялар арасында телепікірсайыс өтті

Кеше Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен "Хабар" телеарнасында 15 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына жіберілген еліміздегі саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен "Парламенттік сайлау-2012" телевизиялық пікірсайыс болып өтті.

Астана. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - Сайлауға қатысатын партиялар арасында телепікірсайыс өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен "Хабар" телеарнасында 15 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына жіберілген еліміздегі саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен "Парламенттік сайлау-2012" телевизиялық пікірсайыс болып өтті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған телесайысқа "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай, Қазақстан "Ауыл" социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, "Иділет" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Уәлихан Қайсаров, Қазақстан патриоттары партиясы Орталық бюросының мүшесі Гүлдана Нұрпейісова, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислов Косарев қатысты.

Үш раундтан тұратын пікірсайыстың бірінші бөлігінде партия өкілдері еліміздің экономикалық дамуына қатысты мәселелерді сөз етті. Оның тақырыбы "Ел жетістіктерінің негізі - эконмика" деп аталды. Пікірсайыстың екінші раундының тақырыбы адами капиталдың дамуына қатысты болды. Бұл бөлікте партия өкілдері Қазақстандағы адами капиталды дамытуға қатысты ой пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сосын жүргізушілер тарапынан қойылған ортақ сауалға жауап берді. Ал соңғы үшінші раундта партия өкілдерінің әрқайсысы сайлаушыларға өздерінің үндеулерін жолдады.

Пікірсайысқа қатысушылардың сөйлеу реті Орталық сайлау комиссиясымен анықталған болатын. Сондықтан да, бірінші раундта партиялар Орталық сайлау комиссиясында тіркелу ретіне сәйкес кезек кезекпен сөз сөйлесе, екінші және үшінші раундта сөз сөйлеу кезектері ауысып отырды. Сонымен қатар, партия өкілдері бір біріне сауал қойып, қойылған сауалға жауап беру мүмкіндігіне де ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны