06.06.2008, 19:32 3095

Санкт-Петербургте ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуі басталды

Санкт-Петербургте ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуі басталды

Санкт-Петербург. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Санкт-Петербургте ТМД мемлекеттерінің басшыларының бейресми кездесуі басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ТМД бейресми саммиті алғаш рет Ресей Федерациясының жаңа президенті Дмитрий Меведевтің төрағалығымен өтіп отыр.

Шара барысында ТМД Даму концепциясын жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар жоспарын орындау барысы, 2020 жылға дейінгі ТМД Экономикалық даму стратегиясы жобасының жасалу барысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені, 2020 жылға дейінгі көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары, ТМД елдерінің органдарының қызметін жетілдіру, гуманитарлық саладағы ынтымақтастық сияқты мәселелерді талқылау көзделіп отыр.

Сондай-ақ, ТМД елдерінің ынтымақтастығының өзара қызығушылық тудыратын әртүрлі бағыттары бойынша басқа да өзара іс-қимыл аспектілері қарастырылады. Сонымен қатар, тараптар алдағы күзде Бішкекте өтетін ТМД елдерінің мемлекет басшыларының кеңесінің кезекті отырысының мерзімін анықтап, дайындық барысын талқыға салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны