23.10.2006, 16:59 3241

Сауд Арабиясы Корольдігінің индустрия және сауда министрі елімізге келмекші

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. 29-31 қазан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Индустрия және сауда министрі Хашем бен Абдалла Яманидің Қазақстан Республикасына сапары болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, кездесулер барысында Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүшелікке өту, екі жақты қарым-қатынастарға байланысты мәселелер талқыланып, өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны