19.02.2007, 13:48 2401

Сенат өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы парламенттік ассамблеясының сессиясына қатысады

АСТАНА. 19-ақпан. Kazakhstan Today. 21-23-ақпанда Қазақстан парламенті сенатының өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы парламенттік ассамблеясының сессиясына қатысады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында сенат аппараты жетекшісінің орынбасары Мұрат Нұртілеуов хабарлады.

"21-23-ақпанда Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы парламенттік ассамблеясының қысқы сессиясы өтеді. Осынау беделді халықаралық ұйымның жұмысына сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған парламент депутаттары қатысады",- деді М.Нұртілеуов.

Сапар аясында Қ.Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы парламенттік ассамблеясының президентімен, ұйымның бас хатшысымен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасымен кездеседі деп жоспарланған. Сонымен бірге, М.Нұртілеуовтың айтуынша, сенат спикері Қазақстанның жетістіктері туралы баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны