11.12.2008, 11:02 1763

Сенаттың салалық комитеттерінің төрағалары сайланды

Сенаттың салалық комитеттерінің төрағалары сайланды

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар палатаның салалық комитеттерінің төрағаларын сайлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, сенаттың заңнама және құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Берік Имашев , сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы болып Қайрат Есжанов, сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып Қуаныш Сұлтанов, экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитетінің төрайымы болып Нұрлығайым Жолдасбаева, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы болып Ахан Бижанов, сенаттың ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы болып Евгений Аман сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны