15.09.2006, 15:19 2746

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылғы күзде Ташкентте өтеді

ДУШАНБЕ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылғы күзде Ташкентте өтеді . Бүгін Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы өтті. Оған Қытай мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао, Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов, Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Кулов, Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Өзбекстан үкімет басшысы Шавкат Мирзияев қатысты.

Отырыс барысында үкімет басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтсақ, жүк транзиті мен кедендік процедураларды жеңілдету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, үкімет басшылары лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күрес саласындағы ықпалдастық және шекаралық мәселелерді сарапқа салды. Күн тәртібіне денсаулық сақтау, білім бер және туризмді дамыту мәселелері де енгізілді.

Бұған қоса үкімет басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2007-жылға арналған бюджеті мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігімен арадағы ықпалдастықты күшейту мәселелерін де қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике мен халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасын жасауды жеделдету жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны