31.08.2006, 12:03 6977

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы соттарының басшылары Шанхайда әділет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

ДУШАНБЕ. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Жоғарғы соттарының басшылары 20-22-қыркүйекте Шанхайда әділет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Избилло Ходжаев хабарлады.

И.Ходжаевтың айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде мұндай кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кездесудің мақсаты - трансшекаралық қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықтың тетіктерін құру, әділет мекемелерінің лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы ықпалдастығын нығайтуға саяды.

Жоғарғы сот басшылары сонымен бірге сот мекемелерінің әлеуметтік даму және құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі ролін талқылайды.

Кездесуге ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан сот билігінің 50-ден астам өкілдер қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны