25.09.2009, 16:45 2954

Шувалов Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттері Дүниежүзілік сауда ұйымына біруақытта біртұтас шартпен енуге тиіс екенін растады

Шувалов Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттері Дүниежүзілік сауда ұйымына біруақытта біртұтас шартпен енуге тиіс екенін растады

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шувалов Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттері Дүниежүзілік сауда ұйымына біруақытта біртұтас шартпен енуге тиіс екенін растады. Бұл туралы РФ вице-премьері Игорь Шувалов бүгін Алматыда Кедендік одақ комиссиясының жұмыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге талпынатын принциптерді растадық. Бұл біртұтас шарттар болуға тиіс және мемлекеттер біруақытта мүшелікке өтуге тиіс", - деді И. Шувалов.

"Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту біз үшін стратегиялық мақсат екенін растаймыз. Біз бұл жұмысты Кедендік одақтың атынан және ұлттық деңгейде жүргізетін боламыз. Бұл біртұтас келіссөздер алаңында өтеді", - деді РФ вице-премьері.

Оның хабарлауынша, бүгін Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі біртұтас келіссөздер жүргізуші тобының директивасы бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны