01.11.2012, 17:05 2930

Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті

Қазақстандағы БАҚ дамуы туралы айта келе, Е. Ыдырысов біздің елімізде 2,5 мың бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейтінін және олардың 84% жекеменшік екендігін атады. Сонымен қатар, Министр Қазақстанда БАҚ-тың барлық түрлерінің рөлін арттыруға, атап айтқанда заманауи бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттің біздің қоғам өміріндегі рөлін ілгерілтуге барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын да ерекше атап өтті.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов біздің елімізге сыртқы саясат ведомствосының шақыруымен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятовичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ЕҚЫҰ-мен өзара ықпалдастық деңгейін жоғары бағалай отырып, Е.Ыдырысов біздің еліміздің сөз бостандығы, адам құқықтары және фундаменталды демократиялық қағидаларына деген қатаң ұстанымын атап өтті. Министр ерекше атап өткендей, Қазақстан Республикасының Үкіметі қазақстандық БАҚ-тар мен Үкіметтік емес ұйымдарға халықаралық арнайы ұйымдармен қатынастар орнатуда ықпал жасауда және алдағы уақытта да өзара мүдделерді қамтитын кең ауқымды мәселелер бойынша ЕҚЫҰ-мен ашық пікір алмасу мен конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Қазақстандағы БАҚ дамуы туралы айта келе, Е. Ыдырысов біздің елімізде 2,5 мың бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейтінін және олардың 84% жекеменшік екендігін атады. Сонымен қатар, Министр Қазақстанда БАҚ-тың барлық түрлерінің рөлін арттыруға, атап айтқанда заманауи бұқаралық ақпарат құралдары мен интернеттің біздің қоғам өміріндегі рөлін ілгерілтуге барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын да ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі жақында Қазақстан Республикасында қабылданған Журналисттік этика кодексін: "БАҚ өзін-өзі реттеу бойынша қазіргі әлемдік практикаға сәйкес келеді",- деп бағалады.

ЕҚЫҰ ағымдағы қызметіне тоқтала келе, Д.Миятович 2010 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен ЕҚЫҰ тарихи Саммитінің нәтижесіне, атап айтқанда Саммит қорытындысы бойынша қабылданған ЕҚЫҰ алдағы уақыттағы көпжақты қызметі жөніндегі негізгі құжат - Астана декларациясына жоғары бағасын берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында сөз бостандығын қорғау, алға тарту, Үкіметтік емес ұйымдардың және ЕҚЫҰ жауапкершілік алаңындағы басқа да қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру салаларындағы басқа да мәселелер талқыланды.

Д.Миятович Қазақстан өкілдерін 2013 жылы Венада өтетін ЕҚЫҰ халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны