11.06.2007, 17:29 3070

Таиландтың сауда министрі Қазақстанға келеді

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Таиландтың сауда министрі Крикрай Джирапат 11-13 маусым аралығында Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Таиландық делегация құрамына Таиландтың Экспорттық-импорттық банкі мен Ұлттық мұнайгаз компаниясының өкілдері кірген",- деді Е. Ашықбаев.

Оның ақпараттарына сүйенсек, "қазақстандық әріптестерімен кездесу аясында таиландық компаниялардың біздің еліміздегі заманауи орталықтар мен технологиялық саябақтар жасауға, биотехнологиялық орталықтарды құру мен дамытуға және басқа да салаларға белсенді атсалысу мәселелері қаралып, талқыланады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны