22.05.2009, 15:47 2559

Таяу уақыттарда ТМД жаңаша даму серпініне ие болады

Таяу уақыттарда ТМД жаңаша даму серпініне ие болады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Таяу уақыттарда ТМД жаңаша даму серпініне ие болады. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісіне қатысуға келген РФ үкімет басшысының орынбасары Игорь Шувалов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ТМД - өте пайдалы формат. Біздің пікірімізше, тіпті таяу уақыттарда ТМД жаңаша даму серпініне ие болады", - деді И. Шувалов.

Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ ТМД аясында жұмыс істейді, қазіргі таңда баршамыз бастан кешіріп отырған дағдарыс бізді тек ЕурАзЭҚ қана емес, жалпы ТМД аясында өз серіктестерімізбен етене жақын байланыста жұмыс істеуге итермелеуде.

"Өздеріңізге мәлім, келесі жылы ТМД-ға төрағалық жасау құзыры Ресейдің иелігіне өтеді, осыған сәйкес біз екі бағытта жұмыс істейміз. Біріншіден, ТМД аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы болатындықтан, біз ардагерлімізге құрмет көрсететін боламыз. Және, екіншіден, бұл - ғылым мен инновациялар жылы. Біз тек Кедендік одақ аясында ғана емес, ЕурАзЭҚ аясында ғана емес, жалпы ТМД аясында жаңаша үлгідегі экономика қалыптастыруға жұмыс істейтін боламыз", - деді И. Шувалов.

Оның айтуынша, қазір оған қажетті алғышарттардың бәрі бар. "Өздеріңізге мәлім, қазіргі жағдаймен ЕурАзЭҚ аясындағы дағдарысқа қарсы қор құрылды, біз бұл орайда осы қордың ашық болғаны дұрыс деген ұстанымдамыз, ол үшін қордың қаражатын пайдалануға ниеті бар қатысушылар тарапынан қосымша қаржы құйылуы қажет", - деді ол.

"Бізде басқа да мүмкіндіктер бар, бізде Еуразиялық даму банкі жұмыс істейді. Жалпы алғанда, меніңше, келесі жылы ұйымға төрағалық жасау барысында біз осы бағытты белсенді дамыта аламыз, ол ТМД форматы үшін қажет, ол оның тіршілігін, дамып келе жатқанын меңзейтін болады, біз оның келешекте дамуын қалаймыз", -деді И. Шувалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны