21.04.2010, 14:15 2838

ТМД елдерінің қорғаныс министрліктерінің өкілдері ұшулардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылайды

ТМД елдерінің қорғаныс министрліктерінің өкілдері ұшулардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылайды

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Украинаның Қарулы күштерінің авиация мамандарын жауынгерлік дайындау жөніндегі Николаевск қалалық мамандандырылған орталығының базасында ТМД елдерінің қорғаныс министрліктерінің қауіпсіздік қызметтерінің жетекшілері құрамының өкілдері ұшулардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылайтын үш күндік әдістемелік жиыны басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Novosti-N.mk.ua ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Николаевқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы мен Тәжікстанның қорғаныс министрліктерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мамандары келді. Ал Қырғызстан мен Өзбекстан мамандары келе алмай қалған.

Украинаның Қарулы күштерінің әуе күштерінің қолбасшысы Иван Руснактың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - ТМД-ға мүше елдердің қарулы күштері авиациясының ұшулар қауіпсіздігі проблемаларын шешудегі, авиациялық оқыс оқиғалардың алдын алу және қорғаныс министрліктерінің уәкілетті органдары арасында авиациялық апаттардың алдын алу және оларды зерттеп тексеру процедураларын жетілдіре түсу мәселелері бойынша ықпалдастықты қамтамасыз етуге бағытталған біртұтас пікір-көзқарастарды дәйектеуге саяды.

Келесі жылғы осындай кездесу тағы да Украинада өтетін болды.

22 сәуірге дейін жалғасатын осы жолғы кездесу кезінде оған қатысушылар ұшу қауіпсіздігіне қатысты проблемаларды талқылаумен ғана шектелмей, авиация мамандарын жауынгерлік дайындау жөніндегі Николаевск қалалық мамандандырылған орталығында бар тренажерлерде жаттығулар да өткізбекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны