17.05.2010, 18:29 3023

ТМД үкімет басшылары Ұлттық нарықтарға тауар мен қызметті өзара ұсынуды көздейтін ақпараттық-маркетинг орталықтардың мемлекетаралық желісін құру туралы келісімге қол қояды

ТМД үкімет басшылары Ұлттық нарықтарға тауар мен қызметті өзара ұсынуды көздейтін ақпараттық-маркетинг орталықтардың мемлекетаралық желісін құру туралы келісімге қол қояды

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 21 мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Күн тәртібіндегі 19 мәселенің арасында Энергетика саласындағы ынтымақтастық концепциясын жүзеге асыру бойынша аса өзекті іс-шаралар жоспары, 2012 жылғы кезеңге дейінгі Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарлама, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 20-жылдығына арналған іс-шаралар жоспары және т.б бар.

Ұлттық нарықтарға тауар мен қызметті өзара ұсынуды көздейтін ақпараттық-маркетинг орталықтардың мемлекетаралық желісін құру туралы келісім, Ортақ электроэнергетикалық нарықты қалыптастырудың кезеңдері туралы хаттамаға қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, аталмыш бас қосу шеңберінде премьер-министрдің бірқатар екіжақты кездесулері өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны