17.06.2008, 13:49 1153

ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау жұмысы аяқталуға жақын - Лебедев

ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау жұмысы аяқталуға жақын - Лебедев

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін "Инновациялық даму жолы - Еуразиялық интеграцияның өзегі" атты Қазақстан -Ресей бизнес-форумында ТМД Атқару комитетінің төрағасы- атқарушы хатшы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау жұмысы аяқталуға жақын ", - деді С. Лебедев.

Оның айтуынша, құжат жобасында ТМД кеңістігінде 2020 жылға дейін бәсекеге қабілетті экономикалардың экономикалық және ғылыми-технологиялық дамуының жетекші орталықтары бола алатын өңірлік экономикалық бірлестік құру қарастырылған.

С. Лебедевтің түсіндіруінше, жобаның негізіне "ТМД елдерінің экономика саласындағы қарым-қатынастарының дамуы әр мемлекеттің базалық мүддесіне сай келеді және үшінші елдермен қарым-қатынасын дамытуына қарама-қайшы келмейді" деген ереже алынбақ.

Стратегияның жобасын осы жылдың аяғында ТМД самитінде бекіту жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны