28.05.2007, 19:14 3314

Түрікменстан қауымдас мүше ретінде ТМД іс-қызметіне белсене атсалыспақшы

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Түрікменстан қауымдас мүше ретінде ТМД іс-қызметіне белсене атсалыспақшы. Бұл туралы бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Қазақстан мемлекет басшысымен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ТМД-ның қауымдас мүшесі ретінде ұйымның ұстанымына бағынатын боламыз",- деді ол. Г.Бердымухаммедов: "Түрікменстан ендігі жерде ТМД отырыстарына белсене атсалыса бастайтын шығар",- дегенді айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны