24.04.2008, 18:56 3319

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Кабулға барады

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Кабулға барады

Ашхабат. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов 23 сәуірде министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысын өткізді, онда мемлекет басшысының Ауғанстанға сапары талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кабинет министрлері төрағасының орынбасары, Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркменстан президентінің Ауғанстанға бірінші ресми сапары дайындығы жөнінде және оның қорытындысында екі жақты төрт құжатқа қол қойылатындығын баяндады.

Түрікменстан Ауғанстанға қатысты кең пейілді көршілестік және экономикалық ынтымақтастық саясатын қолданып отыр. "Бүгінде Орталық Азия аумағының геосаяси маңыздылығы әсіресе өскенде және Түрікменстанның бітімгершілік мүмкіндіктері аса қажет болып отырғанда, оның барлығы көзделген мүдделер үшін жүзеге асырылып отыратын болады деп атап өтті президент". Көмек пен қолдауға аса зәру болып отырған Ауғанстан, болашақта Түрікменстанға арқа сүйеп, оған сенім артуына болады.

Бұдан бүрын Түрікменстан жыл сайын 30 млрд текше метр көгілдір отынды Түркменстан-Ауғанстан- Пәкістан-Үндістан бағытындағы ауғанаралық газ құбыры арқылы тасымалдауға дайын екендігін мәлімдеген. Сонымен қатар,Түрікменстан биылғы жылы тасымалданатын электр қуаты көлемін 200 -ден 500 мегават-қа дейін ұлғайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны