25.05.2010, 17:24 4129

Түркия Қазақстанның экономикасына 400 млн доллардан астам инвестиция салады - Назарбаев (толықтырылған)

"Бүгін екі ел президенттерінің қатысуымен қазақ және түрік кәсіпкерлерінің бірлескен бизнес-форумы, сондай-ақ, түркі дүниесінің архитектурасы бойынша құрылтай өтеді", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, бірлескен бизнес-форум аясында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде, соның нәтижесінде Түркияның Қазақстан экономикасына салатын инвестициясының көлемі $400 млн асады. "Бұл - Түркия президентінің сапары мен бүгінгі келіссөздердің нақты нәтижесі", деді мемлекет басшысы.

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Түркия Қазақстанның экономикасына 400 млн доллардан астам инвестиция салады. Бұл туралы бүгін екіжақты кездесулер қорытындысы бойынша Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін екі ел президенттерінің қатысуымен қазақ және түрік кәсіпкерлерінің бірлескен бизнес-форумы, сондай-ақ, түркі дүниесінің архитектурасы бойынша құрылтай өтеді", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, бірлескен бизнес-форум аясында бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде, соның нәтижесінде Түркияның Қазақстан экономикасына салатын инвестициясының көлемі $400 млн асады. "Бұл - Түркия президентінің сапары мен бүгінгі келіссөздердің нақты нәтижесі", деді мемлекет басшысы.

Елбасы сонымен бірге Түркия президентінің сапары "екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайтуға септігін тигізеді", деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті атап өткендей, тар құрамдағы келіссөздер аясында "екі ел арасындағы әуе және автокөлік тасымалын жақсарту, туризм мен гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды".

"Біз өңірлік саясат, Қырғызстан мен Ауғанстандағы ахуал жайлы талқыладық", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы түрік жағының "Иран электр станциялары үшін өзара байытылған уран алмасу" жөніндегі бастаманың айрықша маңыздылығын атап өтті.

"Меніңше, сапар аса жоғарғы деңгейде өтіп жатыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны