28.01.2010, 15:20 3229

ҰҚШҰ елдерінің өкілдері заңсыз көші-қонға қарсы шаралар жайлы талқылайды

ҰҚШҰ елдерінің өкілдері заңсыз көші-қонға қарсы шаралар жайлы талқылайды

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері жөніндегі органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің 29 қаңтарда Мәскеуде өтетін отырысында заңсыз көші-қонға қарсы шаралар жайлы талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу ҰҚШҰ хатшылығына сілтеме жасап.

"Отырысқа қатысушылар 2010 жылы заңсыз көші-қонға, соның ішінде адам саудасына қарсы тұруға бағытталған "Нелегал-2010" атты шартты атауы бар арнаулы операциялар мен бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын ұйымдастырып өткізу жайын талқылап, ҰҚШҰ-ына мүше-мемлекеттердің 2012 жылғы кезеңге дейін үшінші елдерден азаматтардың заңсыз көшіп келуіне қарсы тұрудың ұжымдық жүйесін құруғы бағытталған іс-әрекеттері жоспарының орындалу барысы жайлы ақпаратты тыңдайды, саяси баспана сұрап жүрген тұлғалармен, босқындармен жүргізілетін жұмыстарға қатысты ортақ көзқарастар тақырыбын және басқа да мәселелерді қарайды", - деді ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері жөніндегі органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2007 жылғы 6 қазандағы шешімімен құрылған. Кеңестің басты мақсаттары мыналар: заңсыз көші-қонмен күрес бойынша бірлескен арнаулы операциялар мен жедел алдын алу іс-шараларын келісе отырып дайындалып өткізуге септесу, заңсыз көші-қонмен және онымен байланысты заң бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыру үшін уәкілетті органдардың өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы бірлескен тәжірибелік іс-шараларды іске асыру жайлы ұсыныстар дайындау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны